Жыл бойы теннисшілерді даярлау

29.01.2024

Түркістан облысында олимпиадалық резервті дайындау орталығында (ОРДО, жаттықтырушы Ержан Есімханов) үстел теннисі бөлімі ашылды, онда бірнеше жылдан бері республикалық жарыстарда, жастар арасында, жасөспірімдер арасында Қазақстан біріншілігінде табысты өнер көрсетіп келе жатқан өңірдің 10 жетекші спортшысы қабылданды. Бұлар Рамазан Нәзір, Нұржігіт Жолдыбай, Санжар Ибахан, Назым Серікбай, Шахзода Ахмадәлиева, Аружан Нұржанқызы, Ноила Ханиязова, Шахруза Шавкатова, Мафтуна Ханиязова, Аида Нұржанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, ОРДО қызметінің негізгі мақсаты - олимпиадалық циклде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті жас және жасөспірім спортшыларға жыл бойы орталықтандырылған даярлауды ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін теннисшілерді оқыту барысын материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік, медициналық қамтамасыз ету жоспарланған.


Талап Қойбағаров