Үстел теннисі бойынша Қазақстан Ашық чемпионатының жоғарғы лигасында 16 команда арасында чемпион мен жүлдегерлер анықталды. Маусым бойы сәтті ойын көрсеткен, "Жолбарыстар" (Масаншы) клубының ойыншылары Арсмане Харки, Ескендір Харки, Абдұл-Маджид Харки алтын медальдарды жеңіп алды.
Алматылық "Ардагер" клубының ойыншылары
да Игорь Медведев, Никанор Ким, Владимир Маркин, Дмитрий Горбенко, Глеб
Горбенко, Алексей Хен өздерінің сөнбейтін дарындарымен және шеберліктерімен қуантты. Олар шайқасты, жеңіске деген жігерліктерін көрсетті және күміс
жүлдені иеленді.
Үшінші қорытынды
нәтижені Ресейден келген қонақтар, "ОТМК-Резерв"
(Екатеринбург) клубының жас спортшылары Анастасия Степанова, Яна Пикарова,
Мария Степанова, Арина Зырянова көрсетті. Чемпион мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Анна Хонина, "ОТМК-Резерв" клубының жаттықтырушысы: "Қазақстан чемпионатына қатысу-қыздар үшін жақсы оқу. Мұнда ресейлік рейтинг саналмайды және тиісінше теннисшілерге психологиялық
қысым болған жоқ. Мен үшін спортшылардың жауапты матчтарда, шешуші сеттерде
өз эмоцияларын қалай жеңгенін көру маңызды болды. Алматыда
"Мартөбе" (Шымкент) клубымен бізде түбегейлі кездесу болды. Қазақстандық спортшылар Сарвиноз Мірқадірова, Анель Бақыт, Ангелина
Романовская Ресейдің үстел теннисі Федерациясының континенттік чемпионатында өнер
көрсетуде және біз оларға Ресей турында 0:4 есебімен жол бердік. Кеше тағы да біз үшін есеп теріс болды, бірақ бұл жолы 3:4-пен, ал Мария
Степанова Сарвиноз мен Анельді жеңіп кетті, айта кетейін Мария бұрын оларға жеңіліп
жүретін еді.
Сіздердің
чемпионаттарыңыздың пайдасы? Қыздар бозбалалармен және ер адамдармен ойнай алады-олар допты
ұзақ ойнақшытады, барлық үш нүктеден айналдырады. Әр
түрлі жоспарлы, мықты қарсыластармен кездесулер шеберлік пен өз күшіне деген
сенімділікті арттыру үшін өте пайдалы. Біз Қазақстан чемпионатына қатысатынымызға
қуаныштымыз".
Жоғарғы лиганың
үздік ойыншысы болып Ескендір Харки танылды.
Үшінші қорытынды нәтижені Ресейден келген қонақтар, "ОТМК-Резерв" (Екатеринбург) клубының жас спортшылары Анастасия Степанова, Яна Пикарова, Мария Степанова, Арина Зырянова көрсетті, жаттықтырушысы Анна Хонина
Талғат Сағындықов, Әлішер Яқұпбаев және Азиз Қыдырбаев
("Альянс", Бішкек) Суперлигадағы орындарын сақтап қалды
«Жолбарыстар» және «ОТМК-Резерв»
Жоғарғы лиганың чемпионы және жүлдегерлері
Талап Қойбағаров