(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы жаңартылған командалық рейтинг жариялады, онда Қазақстан Лондондағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткеннен кейін өз позициясын жақсартты:
біздің ерлер командасы 25-орыннан 18-ге, ал әйелдер
командасы 37-ден 31-ге көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, командалық әлем
чемпионатында ерлер 9-орынға, ал әйелдер 17-орынға ие болды және бұл ұлттық
команданың әлемдік біріншілікте өнер көрсетуі тарихындағы ең жақсы нәтижелері.

Талап Қойбағаров

