Жоғары нәтижелерге жетудің алғашқы қадамы

19.01.2023

Анебонн қаласында (Франция) "Hennebont Ping Center" халықаралық жарыс орталығында "ITTF World Hopes Week & Challenge" бағдарламасы аясында жас және дарынды спортшылардың жиындары өтуде. 20 ұл мен 20 қыз спортшы балалар, олардың 5 құрлықтағы жаттықтырушылары, 30 ұлттық қауымдастық (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының сарапшылары Золтан Баторфи (Венгрия), Эва Йелер (Австралия) жетекшілігімен қарқынды жаттығулар мен білім беру сабақтарына қатысады. Екі реттік жаттығулар 20 қаңтарға дейін жалғасады, содан кейін "ITTF World Hopes Week & Challenge" қатысушылары кезіндегі "Hopes" жұлдыздары Алан Құрманғалиев (Қазақстан), Хана Года (Мысыр), Адриана Диас (Пуэрто-Рико), Юлиан Чирита (Румыния) сияқты жеңімпаз атану үшін турнирде ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, ITTF 2009 жылы әлемнің түкпір-түкпірінен таланттарды анықтау үшін және жоғары нәтижелерге алғашқы қадам болуға арналған "Hopes" ("Үміттер") бағдарламасын іске қосқан болатын.

Лорьян қаласында Қазақстан атынан Айназ Әділгереева (Алматы, жаттықтырушысы Айман Оспанова), Марлен Жұмағұл (Түркістан, жаттықтырушысы Мұхтар Сыздықов) өнер көрсетеді. Біздің жерлестерімізге сәттілік!


Талап Қойбағаров