2026 жылғы 18-24 қазан аралығында Нагояда (Жапония) 45 елден 4000 спортшының қатысуымен V жазғы Азиялық Паралимпиада ойындары өтеді, олар "Imagine One heart" ("Бір жүректі елестетіп көр") ұранымен 18 спорт түрінен бақ сынайды, бірлік пен инклюзивтілікке баса назар аударады.
Үстел теннисінен төрешілер бригадасының құрамына халықаралық санаттағы төрешілер Гульназ Жалалдин (Алматы) және Рустам Мирасланов (Шымкент) кірді. Қазақстандықтар өз тәжірибелерінің, тамаша нәтижелерінің негізінде іріктеліп алынды және бұл жоғары біліктілікті, кәсібилікті мойындауды көрсетеді.

Талап Қойбағаров

