Жоғары білікті теннисшілерді даярлау

16.04.2026

Үстел теннисі бөлімі Шымкент қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Жоғары спорт шеберлігі мектебінде ашылды.

Бекұлан Жамал, Нұрлан Оразбаевтың жетекшілігімен 13 спортшы үстел теннисі орталығында және "Маятас" тұрғын алабының арнайы үстел теннисі залында жаттығады, онда тиімді жаттығулар үшін: "Butterfly Octet", "Doniс Waldner Classic" үстелдері және "Taraflex" кәсіби жабынымен жақсы жағдайлар жасалған.


Бөлімшенің басты міндеті - келешегі зор спортшыларды іріктеу, Шымкент және Қазақстан құрамалары үшін жоғары білікті теннисшілерді даярлау, мықтыларды тәрбиелеу және бәсекелестік қызметке тұрақты ынталандыруды қалыптастыру, ОЖЖ өткізу болып табылады.


Талап Қойбағаров