Жоғары қарай ұшу

06.11.2020

Бүгін үстел теннисінен Қазақстанның ашық чемпионатына қатысушы командамен кезекті танысу.

2007 жылы Шымкентте жас және болашағы зор ойыншыларды іріктеу үшін "Сұңқар" пайда болды, онда Ердәулет Оразбаев, Азамат Алтай, Бекұлан Жамал Жоғары лигада дебют жасады. Бір жылдан кейін "Маятас" деген жаңа атаумен сұңқарлар Суперлигаға жолдама алды.

Осы маусымда сұңқарлар Жоғары лигадағы ең мықты 8-тің қатарына кіру міндетін қойды, бірақ әзірге олардың ойыны мамандар мен жанкүйерлерді таң қалдырмауда. Жаттықтырушы Нұрлан Оразбаев бірінші айналымда жіберілген теннисшілердің барлық қателіктерін зерттеп, қателіктермен жұмыс істей бастады.

2020 жылғы "Сұңқар" келесідей көрінуде: Заңғар Тағабек, Әбиболла Бақдәулет - 2006 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының командалық есептегі қола жүлдегерлері, 11 жасар Бақдәулет Сауырбай-"Алтын күз" және "Шаңыраққа жол" атты халықаралық турнирлерінің күміс жүлдегері, 12 жасар Нұрислам Қасым-2008 ж.т. жасөспірімдер арасындағы республика чемпионатының жеке есептегі қола жүлдегері.

Суретте солдан оңға қарай Нұрислам Қасым, Заңғар Тағабек, жаттықтырушы Нұрлан Оразбаев, Бақдәулет Сауырбай.

Талап Қойбағаров