Жұмыстар әлі жетеді

24.09.2020

Жақында Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Айдос Талтенов (суретте) облыстық Федерацияның президенті болып сайланды. Енді "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС Бас директоры Айдос Ахатұлы өңірдегі олимпиадалық спорт түрінің дамуына жаңа серпін береді. Жұмыстар әлі жетеді: үстел теннисі мен жаттығуларға қол жетімділік үшін оңтайлы жағдай жасау, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу, спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу, Қазақстан чемпионатында, республикалық, халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсету үшін жергілікті теннисшілерді даярлау.

Талап Қойбағаров