Жұлдызды бейсенбі

19.09.2019

Индонезиядағы Азия чемпионаты қарқын алып, бейсенбіде қазақстандық спортшылар әлемдік үстел теннисі жұлдыздарына қарсы ойындарда өз күштерін тексереді. Осылайша, ерлер жұбы Айдос Кенжеғұлов-Бекұлан Жамал Макаоны 3:0 есебімен ұтқаннан кейін планетаның бірінші және екінші ракеткалары Сюй Синь - Фан Жендонгпен (Қытай) кездеседі. Белгілі қарсыластардан партия ала аламыз ба?

Гүлчехра Құсейінова Ноэль Кешинянды (Ливан) 3:1 есебімен жеңді, және ертең оны Со Хёвонмен (Корея, суретте) кездесу тосып тұр- ол Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері, 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы. Назым Айшатты (Мальдив) 3:0 есебімен жеңген Анастасия Лаврованың келесі қарсыласы Джихи Джеон (Корея) болды – ол Әлем, Азия чемпионаттарының жүлдегері, 2017 жылғы Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданың екі дүркін чемпионы. Нағыз жұлдызды бейсенбі.

Сәттілік, қазақстандықтарға!

Талап Қойбағаров