Таиландта аяқталған "WTT Youth Contender Bangkok" үстел теннисінен халықаралық турнирдің соңғы күні Қостанайдан келген Дагир Данияров (жаттықтырушы Юлия Даниярова) жүлделі үшінші орынды иеленді. Құттықтаймыз!
«Қола» алу жолында ол Лим Эм Пингтен (Сингапур) 3:2, Крис Кереннегодагтен
(Шри-Ланка) 3:0, Чуан Хуэй Чжиден (Малайзия) 3:1, Гуо Дарвиннен
(Сингапур) 3:2 басым болды, ал жартылай финалда Оуэн Чангтан (Австралия) 1:3 ұтылды.
Талап Қойбағаров

