Жүлделердің барлық түрі Қазақстандықтарда

23.07.2026

Ташкентте 22 елден келген спортшылардың қатысуымен үстел теннисінен "WTT Youth Contender Tashkent II" халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандықтар лайықты өнер көрсетіп, әр түрлі жас санаттарында 7 медаль жеңіп алды.

U19, алтын медаль.

Алан Курмангалиев (жаттықтырушысы Эльмира Алиева, Қарағанды);


U13, алтын медаль.

Жания Бекмухамбетова (жаттықтырушысы Юлия Даниярова, Қостанай);


U11, күміс медаль.

Назерке Болатбек (жаттықтырушысы Ержан Есимханов, Түркістан);


U11, қола медаль.

Дагир Данияров (жаттықтырушысы Гаип Данияров, Қостанай);

Нуржан Бакдаулет (жаттықтырушысы Бекулан Жамал, Шымкент);

Медина Амандык (жаттықтырушысы Жандос Касымбаев, Ақтөбе);

Нурай Жанаева (жаттықтырушысы Жандос Касымбаев, Ақтөбе).



Талап Қойбағаров