Үстел теннисінен Қазақстанның ашық чемпионатына қатысушы командамен кезекті танысу.
Осыдан тура 18 жыл бұрын Қостанай облысы Қостанай
ауданының әкімі Нұралы Сәдуақасов пен спорт ардагері Ярослав Мелянник 2002
жылдан бері жиі құрмет тұғырына көтерілген "Шолақ-Терек" клубын құрды.
Клубтың жүлделер жиынтығында қазірдің өзінде көптеген марапаттары бар: 2003 ж.
- алтын, 2005 ж. - күміс, 2007 ж. - күміс; 2015 ж. - Жоғары лигадағы алтын,
2017, 2018 және 2019 ж. - Суперлигадағы қола. 2002 жылдан 2016 жылға дейін
команданы Ярослав Мелянник басқарды. Осы уақыт ішінде клубтың намысын қазақстандық
үстел теннисінің атақты шеберлері Ермек Бекназаров, Николай Яновец, Самат
Бейсенов, Ғайып Данияров,Тимур Бейсәлиев және сол кездегі жас ойыншы Кирилл
Герасименко қорғаған болатын.
Осы маусымда "Шолақ-Терек" құрамында Дастан Кенжеғұлов, Илья Жидков (Ресей), Аслан Тілеубаев, Сағантай Құрмамбаев, Асхат Төлебаев (клуб өкілі) сияқты ойыншылармен бірінші айналымда сәтті ойнап, 9 бәсекелестің арасында 2-ші орынға ие болды.
Илья
Жидков, Сағантай Құрмамбаев, Дастан Кенжеғұлов
Талап Қойбағаров