Астанадағы «ADD Table Tennis Center Astana» - орталығында кадеттер бойынша Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Ердаулет Оразбаевтың басшылығымен шағын кадеттер мен кадеттердің оқу-жаттығу жиыны басталды (жасы 10-нан 15 жасқа дейін).
«24 спортшы жиынға келді, ал оқу-жаттығу жиынының басты
мақсаты-техника мен тактикалық элементтерді жетілдіру, теннисшілеріміздің дене
дайындығын арттыру, алдағы жауапты бастамалар алдында үздік спорттық формаға ие
болу: ең мықты ТОП-16 республикалық турнирі,
"WTT Youth Contender
Tashkent», - деді Ердаулет Оразбаев.
Талап Қойбағаров