Алматы маңындағы Іле Алатауының тау бөктерінде орналасқан Бүкіләлемдік бокс Академиясы өзінің кең базасында Қазақстанның кіші ракетка шеберлерін-оқу-жаттығу жиынына (ОЖЖ) қатысушыларды қабылдады. Барлық жұмыстарды елдің ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия) басқарды: "ОЖЖ жақсы жағдайда сәтті өтті. Терезелерді қараңғылап, жалпы физикалық дайындық үшін (ЖФД) қосымша зал ұсынылды, жоғары білікті медициналық қолдауды қамтамасыз етті. Доптардың жеткілікті саны бізге жиынды бұрынғыдан да тиімді өткізуге мүмкіндік берді. Біз ойынның жетіспейтін техникалық бөлшектерін, аяқтардың жұмысын пысықтап, матчтың жүргізілуін түсінуге көштік. Мұның барлығы қарқынды ЖФД-мен, менталдық жаттығу, ойын және психология теориясымен сүйемелденді. Біз жоғары топтық динамика құрып, жаттығу процесінде қатты ілгерілеуге қол жеткіздік. Ойынның деңгейі мен сапасы жақсарды, оңалыс бар және бұл бізді қуантады, ынталандырады".
Жасөспірімдер мен кадеттер бойынша республика құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко өз әсерімен бөлісті: "Бұрын зерттелген материалдарды бекітіп, техникалық элементтерді пысықтадық. Дмитрий Левенко әр жиында техникалық және физикалық дайындық бойынша жаңа жаттығулар береді. Психологиялық дайындыққа да көп көңіл бөлінді. Көп жұмыс істелді: залдағы екі-үш мәрте жаттығулар және кешкі астан кейін 1 сағат теория өткізілді. Жиын барысында біздің барлық командамыз тереңдетілген медициналық тексеруден және оңалтудан өтті. Жаңа физиотерапиялық және оңалту жабдықтары, криосауна, инфрақызыл сауна, УДЗ, эхокардиограмма, стоматология, массаж. Ауыр жүктемелерге қарамастан теннисшілер оқу-жаттығу жиынын мықты және сау болып аяқтады. Жиындарға ризамынба? Визуалды иә, бірақ барлығы жарыстарда анық болады. Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасына жұмыс істеуге, спортшыларды қалпына келтіру үшін тамаша жағдай жасалған және бұл үшін біздің республикалық Федерацияға, Ұлттық Олимпиада Комитетіне рахмет. Өз тарапымыздан біз тамаша спорттық нәтижелермен жауап беруіміз керек".
Талап Қойбағаров