Оңтүстік астанада үстел теннисінен Қазақстанның ұлттық құрамасына іріктеу турнирі басталды. Кирилл Герасименконың болмауына байланысты, себебі ол Германияда оқу-жаттығу жиынында және де Тимур Келбұғанов жарақат алуына байланысты қатыса алмады, басқа үміткерлердің бәрі бір-бірімен ел командасының көшбасшысы болу үшін бәсекелестікке түсуде. Мықтыларды анықтау үшін кездейсоқтыққа тап болмау мақсатында ұйымдастырушылар турнирді екі кезеңде өткізуде, және алған орындардың мөлшеріне байланысты сол мықтылар анықталатын болады. Алғашқы ойын өткізу күнінен кейін көшбасшылыққа топ жарғандар Анастасия Лаврова (Астана), Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Гүлчехра Құсейінова (Орал), Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент), Айдос Кенжеғұлов (Орал), Денис Жолудев (Өскемен), Александр Герасименко (Астана), Эрик Райтер (Қарағанды). Жеңімпаздар және жүлдегерлер жексенбіде белгілі болады.
Талап Қойбағаров