Алматыда "ADD" үстел теннисі орталығында өтіп жатқан Қазақстанның ашық командалық чемпионатының қатысушылары тоғыз ойынның алтауын өткізді. Суперлигада қарсыластарын сенімді жеңген "Sarkan" (Талдықорған) клубы өте байсалды көрінеді. Құрамында Ресей чемпионатының жүлдегерлері Алексей Жуков (Мәскеу), Даниил Травин (Қазан), Қазақстанның екі дүркін чемпионы Денис Жолудев, Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы үш дүркін чемпионы Ескендір Харки сияқты ойыншылары бар Алматы облысының командасы 12 ұпаймен турнирлік кестені басқаруда. Екінші орында "Хван Ман-Гым" СК (Өзбекстан, 11 ұпай), үшінші орында 10 ұпайдан жинаған "Қарағанды" ҮТК, "Қазаэронавигация" (Нұр-Сұлтан) және "Қарағанды-3" ҮТК.
1-лигада "Andijan" (Өзбекстан, 12 ұпай),
"Alga Express" (Алматы, 12 ұпай) көш бастап тұр, оларды
"Ардагер" (Алматы, 11 ұпай) қуып келеді. Жексенбіде 1-турдың үздік
командалары анықталады.
Талап Қойбағаров