Жексенбі - финалдар күні

22.03.2025

Алматы қаласында алтыншы күн бойы "ADD USTEL TENNIS ORTALYGY" -да өтіп жатқан үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталуға жақын қалды. Бүгін жұптық, аралас разрядтардағы финалистер мен қола медаль иегерлері белгілі болды.

Ерлер, жұптық разряд, финал 23 наурызда.

Кирилл Герасименко/Кадырали Кабдылуахитов (Астана/Павлодар) – Ирисбек Артукметов/Искандер Харки (Шымкент/Жамбыл облысы).


3 орын Айдос Кенжигулов/Санжар Жубанов (екеуі де Алматы).

3 орын Денис Жолудев/Асет Сагымбаев (ШҚО/Ақтөбе).


Әйелдер, жұптық разряд, финал 23 наурызда.

Зауреш Акашева/Альбина Жаксылыкова (екеуі де Қарағанды) - Анель Бахыт/Ангелина Романовская (Алматы/Павлодар облысы).


3 орын Сарвиноз Миркадирова/Гузель Торшаева (екеуі де Алматы).

3 орын Жанерке Кошкумбаева/Арай Ашкеева (екеуі де Қарағанды).


Аралас разряд, финал 23 наурызда.

Кирилл Герасименко/Зауреш Акашева (Астана/Қарағанды) - Искандер Харки/Ангелина Романовская (Жамбыл/Павлодар облыстары).


3 орын Владислав Захаров/Арай Ашкеева (Қарағанды).

3 орын Ирисбек Артукметов/Ноила Ханиязова (Шымкент/Түркістан).


Айтпақшы, 15 жастағы Ноила Ханиязова алғаш рет Қазақстан чемпионатының медалін жеңіп алды.



Талап Қойбағаров