Жеке біліктіліктен өткен жоқ

22.08.2019

Оломоуц қаласында үстел теннисінен "ITTF WorldTour" атты Чехияның Ашық чемпионаты басталды. Алғашқы іріктеу ойындарын қазақстандық ойыншылар Кирилл Герасименко және Зәуреш Ақашева өткізді, бірақ олар біздің өкінішке орай Саади Исмаиловқа (Ресей), Маки Шиомиге (Жапония) жол берді. Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың пікірі: "Зәуреш 3:4 есебімен ұтылды. Жақсы ойнады,тактикалық нұсқаларды орындады, бірақ оған матчта көп қобалжуды кою керек еді. Ол кейбір кезде тактиканы ұмыта отырып, қауіпті ойынға ауысып кетеді. Допты қабылдауды жақсарту керек. Зәуреш бұрын болмаған немесе сирек болғандай матчтағы өз жағдайын жетілдіріп, реттеуге тырысады. Нәтижеде жақын арада келеді деп сенемін.

Кириллда 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Оның қарсыласы барлық 100% - ға дегенін салды. Кирилл белсенді ойнады, бірақ үзілістермен және күтулермен, және ол пассивті ойында жиі кідіріп қалды, Саади болса бұл мүмкіндікті қолдана білді. Кириллдің белсенді ойыннан кейін үнемді режимге кету мәселесі әлі шешілген жоқ және оның қарсыластары шабуылды қалпына келтіруге мүмкіндік алады. Қазірде Кирилл ойында 10:7 есебімен алдыда келе жатып бірінші және үшінші сетте ойынды соңына дейін жеткізген жоқ. Кириллдің өзі оған белсенді сериялық ойын жетіспейтінін түсінеді, бірақ ештеңе жасай алмайды. Бұл стильді жедел түрде белсенді, сериялық және ымырасыз шабуылға ауыстыру керек. Бұл біздің ортақ міндетіміз және осы бойынша Кириллге германдық лига матчтарында жұмыс істеуге тура келеді".

ITTF World Tour Czech Open жалғасуда және бүгін біздің теннисшілер жұптық разрядта ойнайды.

Талап Қойбағаров