Жеңістің қуанышы мен жеңілістің ашысы

03.04.2021

Орынбор үстел теннисі орталығында «А» Жоғары лигасының әйелдер командалары арасындағы Ресей чемпионатының ойындары басталды. Қазақстандық «TTS Karaganda» командасы алғашқы үш матчты өткізіп, екі жеңіске жетті:

«ТТС Karaganda» - «УГМК-УОР» (Верхняя Пышма) 0:3;

«ТТС Karaganda» - ОСШОР (Тюмень) 3:2;

«ТТС Karaganda» - «Звезда» (Серпухов) 3:2.

Алаңға Александра Смирнова (суретте), Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева және Виктория Мочалкина шықты. 3 сәуірде біздің қыздар «Факел-1» (Орынбор), «Луч-Росток» (Екатеринбург) және «Сабы-Татарстан» (Богатые Сабы қалалық типтегі ауыл) клубтарымен ойнайды.

«TTS Karaganda» ерлер командасы Барнаулда өнер көрсетуде және «Финго» (Ярославль облысы) клубын 3:0 есебімен жеңгеннен кейін, №2 СШОР (Санкт-Петербург) клубына 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Чемпионат жалғасуда.

Талап Қойбағаров