Жеңіске жету үшін күш жұмылдыру

12.06.2025

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Владимир Переверзевті еске алуға арналған үстел теннисінен II-ші ашық республикалық турнирі басталды. Жекелей сында спортшылар келесі жас санаттарында өнер көрсетеді:

2012 ж. т. және одан кіші;

2014 ж. т. және одан кіші;

2016 ж. т. және одан кіші.


Мұндай жарыстар балалар үшін өте маңызды және олардың спорттық дағдыларын, бәсекеге қабілеттілігін дамытуға, өз дайындық деңгейін бағалауға, жеңіске жету үшін күш жұмылдыруға көмектеседі.


Турнир сенбіде аяқталады.



Талап Қойбағаров