Швецияның Хальмстад қаласындағы әлем чемпионатында екі елдің және бүкіл Орталық Азия үстел теннисі әуесқойларының көптен күткен Қазақстан - Иран ойыны, Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваның туған күнінде өтті. Осы сәтті пайдаланған біздің спортшыларымыз жаттықтырушыға сыйлық ретінде қаһарлы қарсыласының үстінен жеңіс сыйлау керек деп шешті. Ойынды Денис Жолудев және – 2012 және 2016 ж.ж. Олимпиадалық ойындардың қатысушысы, Әлемдік турдың жеңімпазы, тәжірибелі спортшы Ношад Аламиян екеуі бастады. Ирандық спортшы бірден бастаманы өз қолына алуға тырысты және бірінші партияда ол оның қолынан келді. Үзілісте Денис жаттықтырушы-кеңесші Дмитрий Левенконың (Австрия) кеңесін мұқият тыңдап, екінші, үшінші сәтте Аламиянды жүгіртіп әлекке салды. Ношад жеңді, бірақ жеңіс оған оңайлықпен келмеді.
Кирилл
Герасименконың қарсыласы болып тағы бір Аламиян – Нима кездесті, ол Ношадттың
ағасы, ол сондай-ақ Олимпиаданың қатысушысы, Әлемдік турдың жүлдегері. Біз үлкен
күресуді күткен едік, алайда біз оны көрмедік. Кирилл шабуылда да, қорғаныста
да мықты болып 3:1 есебімен керемет жеңіске жетті.
Тимур
Келбұғанов – Амин Ахмадиан. Біздің тәжірибелі теннисшімізге қарсы ирандықтар
өздерінің 15-жастағы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жүлдегерін
қойды. Жекпе-жек қызықты болды: кейде Тимур қарсыласынан сытылып шығып отырды,
кейде Амин алдыға шықты. Барлығы әр партияның соңында шешілді. Аминге бұл күн
біраз сәттірек болды және де ол өз құрамасын алдыға шығарды, есеп 2:1.
Кирилл
Герасименко - Ношад Аламиян. Біздің теннисшімізге өз қарсыласынан жеңілуге
болмайтын болды және ол жеңілмеді. Есеп 3:2 Кириллдың пайдасына шешілді.
Қазақстан – Иран матчы Денис Жолудев - Нима Аламиян жекпе-жегінде шешілетін
болды. Бірінші партия ирандықтың пайдасына шешілді, және бұл оны оңай жеңіске сендірді.
Денис ашумен Ношадтқа шабуылдады, келесі үш партия бойы оған дес бермеді.
Сөйтіп 3:2 жалпы есебімен Қазақстанға жеңіс сыйлады.
Қазақстанның
әйелдер құрамасы да бас жаттықтырушы Эльмира Әлиеваны мерейтойымен құттықтап, Гватемала
құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Әлем чемпионатындағы бұл ойында Алматылық Айя
Әлімбаеваның сәттілік қадамы іске асты, ол өзінің Андрея Эстрададан алған
табысты жеңісімен матч қорытындысын нығайтты. Екі ұпайды Зәуреш Ақашева
сыйлады.
Қазақстанның
әйелдер құрамасының кезекті турындағы қарсыласы Оңтүстік Африка, ерлерде –
Испания.
Талап
Қойбағаров, Хальмстад қ.