Жеңіске бір қадам

05.11.2018

Батыс Словакия қаласы - Сенецте «Slovak Junior and Cadet Open» үстел теннисі бойынша дәстүрлі турнирге қатысушыларды қабылдады. Жас қазақстандық ракетка шеберлерінің қарсыластары 2003 жылы туған және одан жас Австрия, Англия, Бельгия, Венгрия, Германия, Голландия, Испания, Қытай, Молдова, Румыния, Ресей, Чехия, Франция, Сауд Аравиясы, Украина, Польша, Словакия, Тайбэй, АҚШ спортшылары болды.

Қазақстан Республикасының кадет құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченконың сұхбаты: «Қазақстан – 1 үшін командалық турнирде Искандер Харки, Сағынтай Құрмамбаев, Қазақстан – 2 үшін Санжар Жұбанов және Алан Құрманғалиев ойнады. Қыздар арасында Анель Бахыт пен Ангелина Романовская (Қазақстан-1),Александра Смирнова және Сәрвиноз Мірқадірова (Қазақстан-2). Біздің құрама финалға жетпеді, бірақ шарасыздықтан болған жоқ. Теңгерімде біз ұтылдық, аздап жетпей қалды, ұлдарда да, қыздарда да баржоғы бірақ ұпай.

Жеке жарыстар өз күшінесеніммен бастады. Искандер Харки мен Сағынтай Құрмамбаев кіші топтан бірінші нөмірге шықты. Алан Құрманғалиев Ресей, Бельгия, Чехия мықты теннисшілерін жеңіп екінші орыннан шығып 1/16 финалға дейін жетті. Искандер Харки Словакияның екі, Германияның, тайбэйліктердің екі спортшыларын жеңді, бірақ мықты сегіздікке шыққанда Голландиялық теннисшіден бесінші партияда 11:13-пен жеңілді. Біздің барлық жастар қазіргі заманғы, сапалы ойындарды көрсетті.

Қазақстандық қыздарды Словакияда қытайлықтар ғана тоқтата алды. Сәрвиноз Мірқадірова Словакия, Англия, Германиялық әріптестермен түгел ойнап қытайлыққа келгенде тоқтады. Ангелина РомановскаяФранция, Словакия, Чехия, Тайбэйліктерден күштірек болды, мықты сегіздікке шыққанда қытайлыққа жол берді.

«Slovak Junior and Cadet Open» турнирде біздің ойыншылар үлкен тәжірибе жинақтады, өз күштеріне сеніммен қарады, бұдан арғы жұмыстарына жағымды әсер алды. Айтпақшы, Германия құрамасының аға жаттықтырушысы қазақстандықтардың шеберліктерінің жоғары деңгейліктерінен әсер алып, бізді Қытайда жаттығады деп ойлады. Біздің спортшылар өздерінің отанында жаттығатындықтарын білгенде өте таң қалды».

Талап Қойбағаров