Республикалық үстел теннисі Федерациясының Ақтөбе облысындағы филиалының төрағасы - облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров болды.
Руслан Хамбаров:
"Алдағы жоспарлар - өткен жылды қорытындылау, ағымдағы жағдайды объективті
бағалау, үстел теннисімен байланысты объектілерге толық ревизия жүргізу, жаттықтырушылармен,
спортшылармен кездесу. Жақында Қарағандыда Қазақстан чемпионаты аяқталды, онда Ақтөбе
облысының ерлер құрамасы 10-шы орынға ие болды, ал әйелдер құрамасы 11-ші
орынды иеленді. Жеке жарыстарда біздің теннисшілер еліміздің жетекші
шеберлерімен бәсекелесе алмады. Осы нәтижелерден біз өзімізге тиісті қорытынды
жасаймыз, өйткені бізде жақсы спорттық дәстүрлер бар. Көп жылдар бойы ақтөбеліктер
чемпионаттардан, турнирлерден, жарыстардан жүлделерді үйлеріне алып келген. Менің басшы ретіндегі міндетім үстел теннисі үшін оңтайлы жағдай жасау, оқу-жаттығу
жиындарын ұйымдастыру және өткізу, спорттық жабдықтар мен құралдарды сатып алу,
біздің теннисшілерді кез келген деңгейдегі жарыстарда табысты өнер көрсетуге
дайындау болып табылады деп санаймын. Ақтөбе үстел теннисінің жеңіс дәстүрлерін
қайтаруға тырысамыз".
Талап Қойбағаров