Жеңілмегендерден 7 ғана қалды

12.03.2023

Астанада, Алматыда және Павлодарда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының I-ші туры жалғасуда. Егер кеше барлық бес лигада 19 команда жеңіліссіз жүрсе, бүгінде 7-і ғана жеңіліссіз келе жатыр.

Суперлига: «Altay Pro» (Өскемен), ОРДО (Шымкент);

Екінші лига: «Масаншы жолбарыстары»;

Үшінші лига: «Арыстан» (Орал), «ASM» (Бішкек, Қырғызстан);

Төртінші лига: Жеңілмейтіндер жоқ;

Бесінші лига: «Dolina» (Ферғана, Өзбекстан) және «Stiga» (Алматы).

Бірінші тур 12 наурызда аяқталады.


Талап Қойбағаров