Жеңілмеген мәртебесін сақтаған командалар

28.03.2026

Еуразиялық үстел теннисі лигасы Павлодарда, Ақтөбеде, Астанада өтіп жатыр және бүгінгі таңдағы жеңілмей келе жатқан командалар:

Суперлига (Павлодар, 12 команда).

Жеңілмей келе жатқандар «Nomad Pro» (Астана), ОТМК (Свердлов облысы), TTF «Shymkent» (Шымкент).


Айта кетейік, "NOMAD Pro" (Астана) клубы үшін атақты қытайлық спортшы Фанг Бо өнер көрсетеді - ол командалық есептегі Әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, жеке разрядтағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.


2-ші лига (Ақтөбе, 14 команда).

«Хван Ман Гым-2» СК (Ташкент облысы), «Qarabağ NN» (Баку) командаларының активінде 3 ойын және 3 жеңіс бар.


3-ші лига (Ақтөбе, 14 команда).

«Ақтөбе» ҮТК, «Jayıq» (Орал) клубтары көшбасшылыққа шықты.


4-ші лига (Астана, 15 команда).

Жеңілмей келе жатқандар «ШҚО-2» (Өскемен), «Stiga» (Алматы), «Хван Ман Гым-3» СК (Ташкент облысы), «Turan» (Түркістан), ASM (Бішкек).


Талап Қойбағаров