Жеңіліссіз болған жоқ

13.06.2025

Астана мен Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының Супер, екінші және үшінші лигалардағы II туры басталды. Бірінші ойын күнінен кейін жеңіліссіз Суперлигада (Астана қ.) «Altay Pro» (Өскемен), УГМК (Ресей), «Қарағанды-1», «Shymkent-I» (Шымкент) командалары келе жатыр. Екінші лигада (Қарағанды қ.) тек «Қарағанды-2», ал үшінші лигада (Қарағанды қ.) «SaryArka» (Астана), «Ақтөбе», «ШҚО-1» (Өскемен), «Jenimpaz» (Павлодар) ұпайларын жоғалтқан жоқ.

Чемпионат жалғасуда.


Талап Қойбағаров