Жеңіл және еркін жеңді

08.07.2019

Қазақстанның астанасында Үстел теннисінен еліміздің ашық командалық чемпионатының екінші айналымы өтіп жатыр және бүгін Суперлигада "Астана" - "Жетісу" (Алматы облысы) командалары кездесті: өткен жылдың чемпионы және күміс жүлдегері. Астаналық клуб бұл қарсыластықтың фавориті болды, себебі ол команда үшін аралас разрядтағы 2019 жылғы Ресей чемпионы Андрей Байбулдин, 2013 және 2014 жылғы командалық есептегі Ресейдің екі дүркін чемпионы Рамиль Мутыгуллин, жұптық разрядтағы және командалық есептегі Қазақстан Республикасының Спартакиадасының чемпионы, Александр Герасименко сияқты тәжірибелі теннисшілер ойнады. "Жетісу" командасын Қазақстан ұлттық құрамасының 2-ші, 3-ші, 4-ші нөмірлі Денис Жолудев, Тимур Келбұғанов, Бекұлан Жамал сияқты ойыншылар таныстырды. Жанкүйерлер ойынның басталғанын қобалжумен күтті, болжамдар жасады, бірақ өкінішке орай 1.5 сағаттан кейін спорттық алаңнан сәл көңілсіз қайтты. "Астана " " Жетісу " командасын 4:1 есебімен жеңіл және еркін түрде жеңді. Рамиль Мутыгуллин – Тимур Келбұғанов 3:1, Андрей Байбулдин – Бекұлан Жамал 3:0, Александр Герасименко – Денис Жолудев 0:3, жұптық разряд 3:0 есебімен "Астана" командасының пайдасына шешілді, Андрей Байбулдин-Тимур Келбұғанов

3: 0.

Жоғары лигада екі топшада, 14 клуб бар және бес кездесуден кейін "ОТМК-Резерв" (Екатеринбург, Ресей), Қазаэроновигация" (Нұр-Сұлтан), "Қарағанды - Нұр-Сұлтан" командалары жеңіліссіз келе жатыр. Ертең ел чемпионатының екінші айналымы аяқталады.


Талап Қойбағаров