Жазда кездесуге дейін

14.03.2022

Алматыда "ADD" үстел теннисі орталығында Қазақстан ашық чемпионатының 1-турының үздік командалары анықталды. Ойын соңында Өзбекстан, Қырғызстан, облыс орталықтарының спортшылары өз үйлеріне жиналып жатып, жарыстың жақсы ұйымдастырылғанын атап өтіп, ең жоғары халықаралық деңгейдегі турнирлерді өткізуге болатын Алматы теннис орталығына таңданыстарын білдірді.

Енді чемпионаттың нәтижелері туралы. Талдықорғанның "Sarkan" клубы Суперлигада (Денис Жолудев, Алексей Жуков, Даниил Травин, Ескендір Харки) тоғыз матчта тоғыз жеңіске жетті және ағымдағы жылдың жазына дейін кезекті тур өткенше турнирлік кестеде көшбасшы атануда. Екінші орында "Қарағанды" ҮТК (Владислав Захаров, Бартош Сух, Эрик Райтер), үшінші орында "Хван Ман-Гым" өзбекстандық СК (Исломбек Султонов, Никита Панов, Шохрух Искендеров).

Бірінші лиганы 100 пайыз нәтижемен "Andijan" (Өзбекстан, Альберт Шириев, Умид Зокиров, Жалоллидин Журабоев, Шерзод Мамажонов, Тимур Шириев) клубы жеңіп алды, ал алматылық "Alga Express" (Айя Әлімбаева, Игорь Медведев, Глеб Горбенко, Данил Хегай) және "Ардагер" (Тимур Бейсалиев, Александр Максимов, Дмитрий Горбенко, Алексей Хен, Айдын Меделхан) клубтары турнирлік кестеде екінші, үшінші орындарда орналасты.


Талап Қойбағаров