Талдықорғанда өтіп жатқан үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының төртінші күнінде, 2005 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы жеке есептегі жүлдеге үміткерлер анықталды. Жартылай финалға қыздар арасында Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент), Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды) және Аружан Ілияс (Орал) жеңіл түрде ойнап жүріп жетті. Ал Аружан Бекіш (Орал), 1\4 финалында қарағандылық Карина Баймурзиновамен ауыр кездесу өткізіп тек бесінші партияда еңбекті жеңіске жетті 12:10. Ал ұлдар арасында 1\4 финалда күтпеген жағдай болды – Болат Ниетқалиев (Орал) Қазақстанның абсолюттік чемпиондығына үміткер қарағандылық Алан Құрманғалиевті жеңіп кетуге сәл ғана қалды. Бірінші партия 1:0, үшінші партия 2:1 Болаттың пайдасында. Ойыннан бос теннисшілер мен жаттықтырушылар барлық істерін тастап шайқас өтіп жатқан №4 ойын үстеліне қарай ұмтылды. Төртінші партияда Алан өз-өзіне келіп сетті қажетті нәтижеге жеткізді. Қорытынды партияда Алан жылдам түрде қарсыласынан алшақтап кетті 9:0, және 11:4 есебімен жеңіп жартылай финалға шықты, онда сол қарқынмен Дамир Сәрсенбайды (Алматы) жеңді 3:0. Қазақстан чемпионатының финалында Алан Құрманғалиевтың қарсыласы Батыс Қазақстан облысы құрамасының ойыншысы Дамир Мэлсов болады. 1\4 финалында Дамир 0:2 есебімен Темірлан Әбілге (Тараз) ұтылып жатқан болатын, алайда жеңіске деген құштарлығының арқасында 3:2 есебімен алдыға шығып жеңіске жетті. 1\2 финалда Дамир Мэлсов Түркістан облысының өкілі Абдулла Мамайдан күштірек болды 3:0. 20 қазанда жұптық және аралас разрядтарда ойындар басталады, ал жексенбіде Финалдар!
Талап Қойбағаров