Алматыда, Қазақстан үстел теннисі Федерациясының залында еліміздің ұлттық құрамасына іріктеу кезеңдерінің бірі «ТОП-12»атты республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Ерлер арасында құрмет тұғырына Денис Жолудев (1 орын, Өскемен), Айдос Кенжеғұлов (2 орын, Орал), Бекұлан Жамал (3 орын, Шымкент) көтерілді. Әйелдер арасында Анастасия Лаврова (Астана) чемпион атанды, «күміс» жүлде Зәуреш Ақашевада (Қарағанды), «қола» жүлдеге Мәликә Ілхамжанова (Шымкент) иеленді. Республиканың ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверзевтің пікірі: «Жарыстар жақсы деңгейде өтті.Әсіресе балалардың бірінші финалдық сегіздіктеріндеойындар қызықты болды. Денис Жолудев жақсы ойын көрсетті, ол финалға шығу жолында Дастан Кенжеғұлов (Орал) және Владислав Захаровты (Қарағанды) ұтып кетті. Ал бірінші орын үшін шайқаста Айдос Кенжеғұловты жеңді, 4:1. Бір қарасаң есеп ірі, бірақ теннисшілер әр доп үшін күресті. Өте әдемі кездесу, оған қарау ғанибет. Үшінші орын үшін күресте Бекұлан Жамал Владислав Захаровты оңай жеңді 4:0.
Әйелдер
арасында біз күткен финал болды Анастасия Лаврова – Зәуреш Ақашева, 4:2. Екі
қызда былтырғы және биылғы маусымдар көлемінде барлық жарыстарда 1-2 орындарды
иеленіп келді, өз күштеріне сенімді. Жартылай финалда Настя, Мәликә
Ілхамжанованы жеңді, ол болса тәжірибелі Наталья Сладкованы ұтып, күтпеген
жерден «мықты төртікке» топ жарған болатын. Басқа жартылай финалда Зәуреш Ақашева,
Сарвиноз Мірқадіровадан (Шымкент) басымырақ болды 4:2.
«ТОП-12» өткізу
жүйесі керемет: плей-офф барлық орындарды ұтысқа салу және сондықтанда өтпелі
ойындар болмайды, тек қызықты, тартысты күрес. Барлық спортшыларға бізге
жағымды көңіл-күйлер бергендеріүшін рахмет».
Талап Қойбағаров