COVID-19 стадиондарды, алаңдарды, залдарды жауып, жаңадан бастаған спортшыларды және олимпиада чемпиондарын өз үйлеріне жіберді. Үй жағдайында жаттығу? Иә, мұнда да көптеген артықшылықтар бар екен:
- Спорт залына дейінгі жол жүруге арналған ақшалай қаражатты
үнемдеу;
- Жолға кететін уақытты үнемдеу;
- Дене жаттығуларын өзіңіз үшін ыңғайлы уақытта орындау мүмкіндігі;
- Арнайы киімді таңдау қажет емес, себебі үйде кез келген
киіммен жаттығуға болады;
- Және өте маңызды аспект: үй - жайлылық аймағы, онда өзіңізді әрдайым жайлы сезінесіз. Бұны бейнетаспада үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Кирилл Герасименко, Денис Жолудев, Тимур Келбұғанов және Айдос Кенжеғұлов көрсетуде. https://www.instagram.com/p/B-6VB_vH0BW/
Талап Қойбағаров