Макаода (Қытай) үстел теннисінен Әлем Кубогы өтуде және бүгін қазақстандық Кирилл Герасименко әлем чемпионатының жеке есептегі қола жүлдегері, командадағы Азия чемпионы Ан Чжэ Хенмен (Корея) кездесті. Қызықты жекпе-жек 2-2 есебімен тең аяқталды (тең түсуге рұқсат етілген жарыстың жаңа форматы).
Ертең Кириллдің қарсыласы командадағы,
жұптық және аралас разрядтардағы 7 дүркін әлем чемпионы Ван Чуцинь (Қытай)
болады.
Талап Қойбағаров