Жауапты жарыстарға қарқынды дайындалудамыз

10.05.2021

Шымкент үстел теннисі Федерациясының бастамасымен үшінші мегаполисте Орал тау-кен металлургия компаниясының әйгілі клубы (Верхняя Пышма, Свердлов облысы) - "ОТМК" спортшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтуде. Кросс, жалпы физикалық дайындық, қозғалмалы ойындар, жүгіру жаттығулары, теориялық дайындық, үстелдегі жаттығулар. Тәлімгерлер Анна Хонина, Илья Жидков, Ердәулет Оразбаев, Бақытжан Тұрғын, Фарида Рахметова және теннисшілер мамыр айында өтетін жауапты жарыстарға қызу дайындалуда: Қарағандыдағы ҚР-ның 5-ші жазғы Жастар спорттық ойындарына (17-23 мамыр) және Чебоксарыдағы РФ-ның үстел теннисі Федерациясының ашық клубтық чемпионатына (27-30 мамыр).

Естеріңізге сала кетейін, 2018 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы мен "ОТМК"клубының ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Содан бері біліктілікті арттыру бойынша жаттықтырушылық оқыту курстары, төрешілік семинарлар, физикалық және техникалық-тактикалық дайындық бойынша жалпы оқу-жаттығу жиындары тұрақты өткізіліп тұрады, ал Свердлов облысының кіші ракетка шеберлері "Оңтүстік Астана" (Алматы), "Ақпан батырды еске алу" (Шымкент) халықаралық турнирлеріне, Қазақстанның ашық командалық чемпионатына қатысуда.



Талап Қойбағаров