Жауаптардан сұрақтар көп

25.06.2020

23 маусымда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Атқарушы комитеті COVID-19 індеті жағдайындағы ахуалды талқылап, Мақсатты топтан есеп алғаннан кейін келесі нәтижелерді жариялады:

- Атқарушы комитет Пусанадағы Жергілікті ұйымдастыру комитетімен "Hana Bank 2020" үстел теннисінен әлем чемпионаты 2021 жылдың алғашқы айларына ауыстырылатынымен келісті. Нақты күн 2020 жылдың 10 шілдесінде жарияланады.

* Вирустың дамуын ескере отырып, Атқарушы комитет ағымдағы жылғы халықаралық жарыстар бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін жағдайдың одан әрі жақсаруын күтетін болады.

* ITTF 2021 жылғы үстел теннисінен жеке разрядтағы әлем чемпионатын АҚШ-та өткізудің ықтимал нұсқаларын зерттеуде.

* ITTF өзінің жыл сайынғы жалпы жиналысын 28 қыркүйекте өткізуді жалғастырады, бірақ онлайн режимінде.

Талап Қойбағаров ITTF материалы бойынша