Жаттықтық, жарыстық, достастық

06.08.2018

Қазақстан мен Ресей үстел теннисі жас шеберлерінің оқу-жаттығу жиындары аяқталды. Екі демалыс бойы Бүкіләлемдік бокс Академиясының спорттық кешені, «Ақ-Бұлақ» демалыс орны, республикалық Федерация залында біздің республика спортшылары мен ОТМК клубының (Орал тау-металлургия компаниясы, Екатеринбург қ.) теннисшілерін өзінде қабылдады.

Станислав Злобин, «ОТМК» үстел теннисі клубының жетекші маманы, Свердловск облысы құрама командасының аға жаттықтырушысы: «Қазақстандағы жиындарға біз өте ризамыз. Біріншіден, біз тауға шықтық және тау маңында жаттықтық бұл әрине функционалды жақсы дайындық. Екіншіден, Қазақстан құрамасымен біз бұрыннан бірге жұмыс істейміз - олар бізге келеді, біз сіздерге келеміз, бір бірімізді жақсы білеміз. Түрлі теннисшілермен жаттығу мүмкін болса, онда жастар өздеріне жаңалықты меңгереді. Қазақстан теннисшілерінің кейбір элементтерін өздеріне қабылдайды, ал қазақстандықтар бізден керектілерін алады. Екі команда үшін үлкен пайда.

Алматыға Ресейдің мықты теннисшілерінің бірін әкелдік – 15 жасқа дейінгі екі ұл Ресейдің соңғы біріншілігінде үшінші орынға ие болды. Свердловск облысының құрамасының құрамындағы қыздар еліміздің біріншілігінде қола медальді ұтып алды. Мұндағы оқу-жаттығу құрамасының уақытында «қабырғадан қабырғаға» жарысын өткіздік. Біздің ұлдар өздерінің қарсыластарынан бір жеңіске басым болды, ал қыздар екі ұтыс Қазақстанға жол берді. Екі команданың да деңгейі жоғары және алдағы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы табысқа жетеді, мен оларға соны тілеймін.

Екі демалыс бойы сіздердің тауларыңызға, Алматының әдемілігіне рахаттандық. Қапшағай Аквапаркіне барып келдік, «Фэнтеэи» паркіне бардық, және де жағымды жайттарға қанық болдық. Мен біздің дәрігерімізбен сөйлестім, және ол барлық балалар қазақстандық таулардан кейін физикалық жағдайларының оңтайлы екендіктерін атап өтті. Алдыда теңізге барып демалу тұр және жаңа спорттық маусымға біз тамаша дайындалдық деп сенімді тұрде айта аламын.

Біздің делегацияның атынан Қазақстан үстел теннисі Федерациясына, Бүкіләлемдік бокс Академиясы әкімшілігі мен «Ақ-Бұлақ» демалыс орнына қонақ жайлылықтары мен ОЖҚ-ны тамаша ұйымдастырғандарына ризалығымды білдіремін».

Талап Қойбағаров