Жақсы ізбасарлар өсіп келе жатыр

19.11.2019

Алматыда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарынан келген 2008-2009 ж. т. кадеттер арасында үстел теннисінен "Hopes Week" атты республикалық оқу-жаттығу жиыны басталды. 24 ұл және 23 қыз бала тестілеуден өтіп, "Шаңырақ" шағын/ауданында олимпиадалық резервтердің мектеп-интернат-колледжінің тәлімгерлері Алексей Тимченко, Бақытжан Тұрғынның жетекшілігімен жаттығуда. Демалыс күндері, 23-24 қарашада жас спортшылар Орталық Азия елдерінің "Hopes Week" халықаралық жаттығу лагеріне қатысу үшін мықтыларды анықтаудағы іріктеу турниріне қатысады.

Суретте "Hopes Week" оқу-жаттығу жиынына қатысушылар, 2008 ж.т. спортшылар арасындағы Қазақстан чемпиондары Нұржігіт Жолдыбай (Түркістан) және Виктория Мочалкина (Қарағанды).

Талап Қойбағаров