Астанадағы жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары Қазақстанның үстел теннисі Федерациясынан жаңа теннис жабдықтарын алды. Федерацияның Вице-президенті Елсияр Канагатов №31 мектеп-гимназиясында, №90 гимназияда, Binom School-да болып, теннис үстелдерін, доптарды, ракеткаларды сыйға тартты.
Бұл
бастама салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, оқушылардың үстел
теннисіне деген қызығушылығын арттырып,
осы спорт түріндегі жас таланттарды анықтауға және дамытуға көмектеседі.






Талап Қойбағаров

