Жастарда үміт бар

06.05.2019

6 мамырда Бангкокта (Таиланд) Халықаралық (ITTF) үстел теннис Федерациясының "The Asia Continental Hopes Week" бағдарламасында жаттығу жиыны басталады. Ливан, Катар, Малайзия, Үндістан, Иран, Мальдив, Таиланд, Сирия, Ирак, Шри Ланка, Сингапур, Филиппин, Қазақстанның жас, талантты спортшылары ІТTF тәжірибелі мамандарының жетекшілігімен шеберліктерін шыңдататын болады. Жиын соңында турнир өтеді оның жеңімпаздары әлемдік "ITTF World Hopes Week and Challenge" турнирінің жолдамасына ие болады. Таиландта Қазақстанның намысын қарағандылықтар Алан Құрманғалиев, Виктория Мочалкина (суретте) қорғайтын болады, жаттықтырушысы Эльмира Әлиева. Біздің жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Еске сала кетейін, Халықаралық үстел теннисі Федерациясы таланттарды анықтау және оларды одан әрі қолдау мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас теннисшілермен үлкен жұмыс жүргізуде. "Hopes Week " іріктеу турнирлерінде мықтыларды анықтайды және олар жыл бойы өздерінің тәлімгерлерімен ITTF есебінен 12 беделді турнирлерде, бірлескен халықаралық жиындарда өнер көрсетеді.

Талап Қойбағаров