Алматыда Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясының залында елдің ұлттық құрамасының негізгі құрамына іріктеу турнирі өтті. Қазақстанның бірінші және екінші ракеткалары Кирилл Герасименко мен Денис Жолудевтің болмауына қарамастан, қалған 16 теннисист-үміткерлерге жарыста сәтті өнер көрсетулеріне мүмкіндік туды. Бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланған Оңтүстік – Қазақстан облысының спорт шебері Бекұлан Жамал болды, ол 15 ойынның 14-де жеңіске жетті. Екінші орынды тәжірибелі, елдің 2011 жылғы чемпионы Тимур Келбұғанов (Алматы) жеңіп алды. Үшінші болып Қарағандылық спорт шебері Эрик Райтер орналасты. Турнирде 15 – жасар Бақдәулет Әкімәли көзге түсті («мамандандырылған мектеп-интернаты-олимпиадалық резерв колледжі» Алматы қаласы «Шаңырақ» ықшам ауданы), онда Қазақстан теннисінде сирек «мамандық» - ол қорғаныш стиліндегі ойыншы. Көбі қорғаушыны бүгінгі таңда өзекті емес себебі аз тәуекел етеді, қарсыласының қателігін ғана тосады, бірқалыпты қозғалыс ойынын ұстанады және ұтыс ұпай ойынын ұзақ ойнатадыдеп санайды. Алайда әйгілі қорғаныс стиліндегі теннисшілер мазмұнды және ең бастысы нәтижелі ойын көрсетеді. Бақдәулет осы жарыста әдемі қорғаныс стилінде спорт шеберлері Тимур Келбұғановты, Ғаип Данияровты, Деас Мархабаевты жеңді. Әйелдер арасында қарағандылықтар Наталья Сладкова (2 орын) мен Зәуреш Акашеваны (3 орын) ұтқан астаналық Анастасия Лаврова (суретте) бірінші орынды иеленді. Чемпионкамен жеңімпаздардың артынан 5-6 орынға ие болған жас теннисшілер,Алматы қ. «шаңырақ» ықшам ауданы мамандандырылған мектеп-интернаты-олимпиадалық резерв колледжінің шәкірттері 12 жасар Сарвиноз Мірқадірова, 14- жасар Ангелина Романовская қуып жетуде. Біраз жылда бұл жастар өздерінің тәжірибелі, жастары үлкен әріптестеріне елеулі бәсекелестік көрсете алады. Спорттағы бәсекелестік – ол алдыға қарай қозғалу, жақсы нәтижелергеұмтылу мен жоғары көрсеткіштерге жету.
Жастар шабуылда
20.11.2017