Жастар арасындағы Азия чемпионатына кім барады?

17.04.2025

Алматыдағы «ADD USTEL TENNIS ORTALYGY» 18-20 сәуір аралығында үстел теннисінен Орталық Азия іріктеу турнирі өтеді. 29-шы жастар арасындағы Азия чемпионатына төрт жолдамада (екеуі жасөспірімдер арасында, екеуі қыздар арасында) Иран, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары бақ сынасады. Еліміздің намысын Алан Құрманғалиев, Абдулла Мамай, Нұрислам Қасым, Данян Ши, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, Виктория Мочалкина, Ноила Ханиязова, жаттықтырушылар Эльмира Алиева, Самат Бейсенов қорғайтын болады.

Ойын кестесі:

18 сәуір, сағат 10.00, қыздар.

Қазақстан-Иран

Қырғызстан-Өзбекстан

18 сәуір, 14.00, жастар.

Қазақстан-Қырғызстан

Иран-Өзбекстан


19 сәуір, сағат 10.00, қыздар.

Қазақстан-Қырғызстан

Иран-Өзбекстан

19 сәуір, 14.00, жастар.

Қазақстан-Иран

Қырғызстан-Өзбекстан


20 сәуір, сағат 10.00, қыздар.

Қазақстан-Өзбекстан

Иран-Қырғызстан

20 сәуірде, қыздардың ойындары аяқталған бойда.

Қазақстан-Өзбекстан

Иран-Қырғызстан.


Талап Қойбағаров