Жасөспірімдер Азия ойындарына дайындық

25.08.2025

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Эльмира Алиева, кадеттер бойынша аға жаттықтырушы Ердәулет Оразбаев, спортшылар Бақдәулет Саурбай (Шымкент), Дарья Фу (Қарағанды) допингке қарсы оқудан сәтті өтіп, Бахрейнде ағымдағы жылдың қазан айының 22-31 аралығында өтетін Азия жасөспірімдер ойындарына қатысу үшін Азия Олимпиадалық кеңесінің талаптарына сәйкес сертификаттар алды.

26 спорт түрі жоспарланған, 45 елден 4000-нан астам спортшы келеді деп күтілуде.


Талап Қойбағаров