Жасөспірімдер Азиадасы

26.10.2025

Бахрейнде (Манама қ.) III жасөспірімдер Азия ойындары басталды, онда 220 қазақстандық спорттың 20 түрінен медальдар үшін күреседі. Азиадаға қатысушылардың жалпы саны 45 елден 8000-нан астам спортшыны құрайды. Үстел теннисінде біздің еліміздің атынан Бакдаулет Саурбай (Шымкент) және Дарья Фу (Қарағанды) өнер көрсетеді.

Алдымен кіші топтарда ойындар өтеді. Содан кейін ең мықтылардың екеуі олимпиадалық жүйе қолданылатын жарыстың негізгі торына шығады: жеңілді-ұшып кетті. Бакдаулеттің қарсыластары Гонконг, Индонезия, Дарьяның қарсыластары Үндістан, Йемен, Мальдивтер.

Қазақстандықтарға сәттілік!


Талап Қойбағаров