Вьентьян қаласында (Лаос) Иран, Үндістан, Қазақстан, Лаос, Малайзия, Мальдив, Сингапур, Таиланд, Шри-Ланка, Жапонияның жас және талантты спортшыларының "2025 ITTF Asia Hopes Week and Challenge" оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) басталды.
Алты
күн ішінде халықаралық сарапшы Дайсуке
Исиданың (Жапония) жетекшілігімен ОЖЖ қатысушылары
техниканы жетілдіреді, тактикалық тәсілдерді, ойын мәнерлерін талдайды және
іріктеу турнирін өткізеді, олардың жеңімпаздары әлемдік "ITTF World Hopes
Week and Challenge" турниріне
алты жолдама алады (үшеуі ұлдарда, үшеуі қыздарда).
Лаоста
Қазақстанның атынан Жания Бекмухамбетова,
Олег Яковлев өнер көрсетеді,
жаттықтырушылары Юлия Даниярова,
Татьяна Ким.


Талап Қойбағаров

