Алматыда, Қазақстан үстел теннисі Федерациясының залында 2001 ж.т., 2004 ж. т. және одан кіші жас категорияларында елдің кіші ракеткасының мықты шеберлері турнирі өтуде. Чемпиондар, жүлдегерлер екі жарыстың орын сомасы бойынша анықталады. Жұма және сенбі күндерден кейін қыздар арасында бірінші орынға 11 матчта 10 рет жеңіске жеткен Әнел Бақыт (Алматы) шықты. Алина Борисюк (Қостанай) екінші, ал Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) үшінші. 2004 ж. т. спортшылар арасындағы еліміздің жаңа чемпионы Александра Смирнова (Қарағанды) әзірге бесінші орында.
Александра Смирнова: "Бірнеше күн бұрын Павлодарда жеке
есепте республика чемпионатының алтын медалін жеңіп алдым.
Осы турнирге жақсы дайындалдым, бірақ
ойын барысында өзім көп қателіктер жібердім, соның салдарынан төрт кездесуде жеңіліс
таптым. Ертең жақсы өнер көрсетуге тырысамын".
Кіші қыздар
арасында көшбасшылыққа Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері Екатерина Пюрко
(Петропавл) шықты. Одан кейін Аружан Ілияс (Орал) және Аружан Нұржанқызы (Түркістан
облысы) келеді.
Жасөспірімдер
арасында турнирлік кестенің жоғарғы бөлігінде Ескендір Харки (Жамбыл облысы),
Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Санжар Жұбанов (Орал қаласы)
орналасты.
Кіші жасөспірімдер
жеті жекпе-жектен өткізді және марапатқа басты үміткерлер Әмір Амангелді
(Павлодар), Нұрдәулет Нұғай (Орал), Ерасыл Ғайнеденов (Ақтөбе).
Талап Қойбағаров