Жас әмірші ракеткалар

01.06.2019

4 маусымда Алматыда 2008 ж. т. және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, республиканың облыс орталықтарының ракеткалары алты күн бойы командалық есепте, жеке, жұптық және аралас разрядтарда медаль үшін жарысатын болады. Жарыс алдындағы болжам – рахметі жоқ іс, дегенмен, бапкерлер құрмет тұғырына көтерілу ықтималдығы жоғары келесі теннисшілерге назар аударуды сұрады: Шымкенттен келген Мұхаммедәли Құрбантаев пен Қасым Нұрислам, қарағандылықтар Виктория Мочалкина, Дарья Фу, Полина Сиротина, Дарья Гамова, ақтаулықтар Никита Романюк, Бағдат Бисенов, Аққу Темірханова, сондай-ақ Нұрасыл Мұхат (Жамбыл облысы), Димаш Қасенов (Нұр-Сұлтан).

Талап Қойбағаров