Жас кезді еске түсіру ме?

23.06.2022

24, 25, 26 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (Өскемен) ардагерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. 35 және одан жоғары (әйелдер), 40-49 жас, 50-59, 60-64, 65-69, 70 және одан жоғары (ерлер) жас топтарында еліміздің өңірлерінен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының спортшылары өнер көрсетеді. Жарыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері - салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық және адамгершілік шынығуды қалыптастыру, спорттық-бұқаралық жұмысты жандандыру, ардагерлер арасында ең мықты теннисшілерді анықтау.

Талап Қойбағаров