Ақтау қаласы ардагерлер арасында өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатына қатысушылармен қош айтысты. Үш күн бойы «Маңғыстау Аренада» 100-ге жуық кіші ракетка шеберлері, үстел теннисі - спорттық түрін әр жаста жоғарғы дәрежеде ойнауға болатын ойын түрі екенін және өзін жақсы дене тәрбиесінде ұстауға болатынын көрсетті.
Жарыстың
қорытынды күні 40-49 жас санаты аралығында барлық құрмет тұғырына ақтаулықтар
көтерілді Сұлтангерей Тілегенов (1 орын) - олелдің 2017 жылғы чемпионы, Талап Барболов (2 орын) және Бақтыбай Жақсылықов
(3 орын).
50-59 жас
аралығы. Бұл жерде Ақтөбелік Нақып Мәмбетовтың ерік-жігері мен батылдығын
міндетті түрде айта кету керек, ол мүгедектігіне қарамастан екінші топта
қарсыластарымен бірдей жағдайда шайқасып, күміс жүлдені жеңіп алды. Чемпион
болып Ермек Қарабаев атанды (Алматы), ал үшінші орынды Ринат Нысанбаев (Алматы
облысы) жеңіп алды.
70 жас және
одан да жоғары.Қадірлі ақсақалдар көп жылдар бойы өздерінің жастарына мән
берместен белсенді жаттығуда және турнирлерге, жарыстарға, чемпионаттарға
қатысады. Алматылық Жорабек Тіленчиев Ақтау қаласында сегіз ойын өткізіп, оның
жетеуінде жеңіске жетіп Қазақстанның 2018 жылғы ең жасы үлкен чемпионы атанды.
Дәл осындай көрсеткіш Павлодар облысының жалғыз өкілі Мұрат Ибраевта болды (7
жеңіс, 1 жеңіліс), бірақ онда Жорабек Тленчиевпен жеке кездесуінде екінші
нәтиже. Үшінші орын Шымкенттік Мәлік Қадіровқа бұйырды.
Әйелдер, 35
жас және одан жоғары. Финалға сенімді және лайықты түрде керемет төрттік Ирина
Кузьмина (Алматы облысы), Зоя Ананьевич (Алматы), Алена Малышева (Алматы облысы),
Надежда Сұлтанова (Батыс Қазақстан облысы) шықты. Ымырасыз күресте қыздар
жүлделерді келесі орында бөлісті: алтын Иринада, күміс Зояда, қола Аленада.
Қазақстан
чемпионатының дәстүрлі жабылуында барлық чемпиондар және жүлдегерлер
медальдармен, ақшалы жүлделермен және ТОО «Ақтау BS Строй» атынан бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
Маңғыстау облысының үстел теннисі Федерациясының Президенті, ЖШС «Ақтау BS Құрылыс» генералдық директорыСұңғат Мұңалбаев: «Ақтауда 17-ші шағын ауданда мемлекеттік-жеке әріптестік тетігі арқылы үстел теннисі орталығының құрылысы басталатынын айтты. Бұған құрылысқа қаражатты өз есебімнен шығарамын деді. Қәзіргі заманғы құрылыс объектісі барлық керекті инфрақұрылымдарымен жарыстарды жоғарғы дәрежеде өткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жастардың үстел теннисіне деген қызуғышылықтарын тартады, бұл өз кезегінде үстел теннисінің тек қалада ғана емес, сондай-ақ облыс бойынша дамуына қуатты серпініс береді. Үстел теннисі демократиялық спорт түрі болған да және болып қалады. Ақтауда бұл ойын әрдайым ерекше танымал».
Талап Қойбағаров, суретті түсірген Руслан Мырзағалиев