8-14 желтоқсан аралығында Амманда (Иордания) "ITTF World Hopes Week & Challenge" (Халықаралық үстел теннисі федерациясының Дүниежүзілік үміт апталығы) өтеді, онда - Бельгия, Венгрия, Доминикан республикасы, Мысыр, Үндістан, Испания, Иран, Иордания, Қазақстан, Колумбия, Таиланд, Тунис, Малайзия, Пуэрто-Рико, Румыния, Сирия, Сингапур, АҚШ, Украина, Чехия, Эквадор, Шри-Ланка, ОАР-дан дарынды жас 20 ұл, 20 қыз балалар жиналады. Тәжірибелі тәлімгерлер Ева Джелер (Австралия), Золтан Баторфи (Венгрия), Пачинте Осман (Мысыр), Матильда Экхольм (Швеция), Ахмед Аль-Моханнади (Катар) бірлескен жаттығу жиынын өткізіп, турнир ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша "ITTF Hopes" командасын таңдайды. Ақтаулық 12 жастағы Аққу Темірханова Қазақстанның намысын қорғайды (суретте).
Талап Қойбағаров