Еліміздің үстел теннисінен қыздар арасындағы бірнеше дүркін чемпиондары және жүлдегерлері Ангелина Романовскаяға (Павлодар облысы, 15 жас) және Сарвиноз Мірқадіроваға (Түркістан облысы, 13 жас) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының спорт Шебері» атағы берілді. Спортшыларды лайықты марапатымен құттықтаймыз және олардан халықаралық аренада жарқын және үлкен жеңістер күтеміз.