Жарыстың негізгі торына шыға алмады

12.06.2026

Хорватияда үстел теннисінен "WTT Contender Zagreb" халықаралық турнирі қызу жүріп жатыр, онда Қазақстанның атынан өнер көрсеткендер Кирилл Герасименко, Айдос Кенжигулов, Фанг Бо, Абдулла Мамай, Санжар Жубанов, Искендер Харки. Біздің спортшылар іріктеуде ойнады және жарыстың негізгі торына шыға алмады.

Кирилл Герасименко - Сатоши Аида (Жапония) 3:1, Ю Кван То (Қытай, Гонконг) 1:3.

Айдос Кенжигулов - Ронит Бханджа (Үндістан) 1:3.

Фанг Бо - Снехит Сураваджула (Үндістан) 3:0, Альваро Роблес (Испания) 3:1, Анкур Бхаттачарджи (Үндістан) 1:3.


Санжар Жубанов - Андрей Мркич (Хорватия) 3:1, Андре Бертельсмайер (Германия) 0:3.

Абдулла Мамай - Кристофер Крамер (Австрия) 3:2, Вим Вердоншот (Германия) 1:3.

Искендер Харки - Дин Шу (Жаңа Зеландия) 3:1, Андриен Рассенфосс (Бельгия) 1:3.


Талап Қойбағаров